Бабаян немесе Березуцкий? ЦСКА бас бапкерін таңдады
Алексей Березуцкий ресми түрде ЦСКА командасының бас бапкері атанды. Бұл туралы мәскеулік командасының ресми сайты хабарлап отыр.
Алексей Березуцкий ресми түрде ЦСКА командасының бас бапкері атанды. Бұл туралы мәскеулік командасының ресми сайты хабарлап отыр.
"Бүгін ЦСКА командасын бірінші рет бас бапкер ретінде алып шығады.
Кездесу ВЭБ Арена стадионында Премьер-лигаға биыл жолдама алған Нижний Новогород" командасына қарсы өтеді. Бұл маусым алдындағы ең соңғы жолдастық кездесу болады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Березуцкий командадан Ивица Олич кеткен соң бас бапкердің қызметін атқарушы ретінде жұмыс істеді. Кейінірек оның бапкерлер штабына "Тобылдың" бұрынғы жаттықтырушысы Григорий Бабаян қосылды.
Өткен маусымда ЦСКА 50 ұпай жинап, алтыншы орынға жайғасқан болатын. Сөйтіп, еурододаға жолдама ала алмады.
Жарнама