Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ширек финалға жолдама үшін матчте қазақстандық футзалшылар қазіргі әлем чемпионы Португалияға қарсы ойнады.
Ойында алғаш болып Шыңғыс Есенаманов есеп ашса, қарсыластар Зикидің көмегімен теңестірді.
Екінші кезеңнің соңына қарай Дәурен Тұрсағұлов команданы есепте алға шығарып, Қазақстан жеңіске жетті - 2:1.
Енді ширек финалда қазақстандық футзалшылар Аргентина-Хорватия кездесуінде жеңіске жеткенімен кездеседі.