Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы ойында күтпеген есеп тіркелді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Ақтаудағы жолдастық матчта Әзірбайжан командасын ұтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Футзалдан Қазақстан құрамасы Ақтаудағы жолдастық матчта Әзірбайжан командасын ұтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Кака ойыншылары 5:3 есебімен жеңіске жетті. Алғашында Каспийдің ар жағынан келген Қап тауының өкілдері 0:2 есебімен ұтып жатқан. Алайда Эдсон хет-трик авторы атанса, Дуглас Жуниор мен Альберт Ақбалықов бір-бір голмен көзге түсті. Нәтижесінде "қаршылағалар" керемет камбэк жасады.
Енді 20 қыркүйек күні қос команда арасындағы екінші жолдастық матч болады.
Жарнама