Қазақстан футзалшылары әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті

©instagram.com/kff_team_futsal

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Бұл екінші тур ойындарынан кейін белгілі болды, деп хабарлайды msports.kz тілшісі. 

Жарыс ережесі бойынша топтағы үздік екі команда плей-оффқа тікелей жолдама алады. Сондай-ақ тағы 4 құрама нәтижесіне қарай үшінші орын алған командалар арасынан іріктеледі. 

Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы екінші турда Ливияны 4:1 есебімен ұтып, топта 2-орында тұр. Бірінші турда Испаниямен тең ойнаған. 4 ұпайы бар отандастарымыз Жаңа Зеландияға қарсы ойында қандай есеп тіркелсе де, 1/8 финалға айқын шығып тұр. Үшінші орыннан төмен сырғымайды. Себебі қазір үшінші орында тұрған үш командада ғана ұпай бар. Ал төртінші құрама 4 ұпай жинап үлгермейді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport