Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі топтағы төртінші ойында Данияны 7:3 есебімен ұтып шықты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ойында Қазақстан құрамасы жылдам екі гол соқты. Бірінші минутта Азат Валиуллин, екінші минутта Дуглас гол соқты. Алайда дат ойыншылары есепті жылдам теңестіріп кете білді. Дәурен Тұрсағұлов автогол соғып алса, Ермин Касумович бір допты еншісіне жазды.
Артынша Ақжол Дәрібай мен Дуглас Қазақстанды екі доп басымдығымен алға шығарды. Бірінші тайм аяқталғанға дейін даттар тағы бір доп айырмасын қысқарта білді.
Екінші таймда Қазақстан құрамасы 3 гол соқты. Алдымен Азат Валиуллин (28-минут), одан кейін Дәмір Кәрібай (32-минут) мергендігімен көзге түсті. 35-ші минутта Дәурен Тұрсағұлов пенальтиді сәтті орындап, есепті 7:3 есебімен аяқтады.
Айта кетейік, 1 ақпан күні Қазақстан құрамасы сырт алаңда Данияға 3:2 есебімен есе жіберіп алған болатын. Қазіргі таңда Кака шәкірттері 7 ұпаймен топта бірінші орынға шықты. Келесі ойынын 7 наурыз күні өз алаңында Албанияға қарсы өткізеді.
Футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионаты 18 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Рига (Латвия) мен Каунаста (Литва) өтеді.