Футзал
30 қазан 2022 02:12
 

"Қайрат" Чемпиондар лигасының элиталы раундына шықты

  Пікірлер

blog.share

"Қайрат" Чемпиондар лигасының элиталы раундына шықты ©Қайрат АФК

"Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

"Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бельгиядағы турнирде алматылықтар Францияның "Спортинг" командасын 3:2 есебімен ұтты. "Қайрат" сапында Дәурен Тұрсағұлов (2-минут), Кайо (24-минут) және Диего Фаверо (30-минут) гол салса, француздардан Болинья (32-минут) мен Финео (38-минут) ерекшеленді.

Әр топтан 3 команда шығатынын ескерсек, "Қайрат" қазірдің өзінде элиталы раундқа жолдама алды.

Осыған дейін Кака ойыншылары Испанияның "Пальмасымен" (2:2) тең түссе, Бельгияның "Галле-Гооигімен" (2:2) өткен матчта да жеңімпаз анықталмады.

Элиталы раундтың жеребе тарту рәсімі 8 қарашаға жоспарланған. Ал матчтар 27-28 қараша күндері өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!