Футзалдан Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет ширек финалға шықты

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Тайландты ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Тайландты ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Қазақстан құрамасы Тайландқа жауапсыз 7 гол соқты.
Бірінші таймда "Қайрат" командасынан Дәурен Тұрсағұлов (3-минут), Дуглас (14-минут), сонымен қатар, Чайвата Джамграджанга автогол (19-минут) салды.
Ал екінші таймда отандастарымыз есепті еселеді. Голдардың авторы - Дәурен Нұрғожин (24), Тайнан (24), Арнольд Кнауб (32) және Игита (38).
Ширек финалда қазақстандықтар 24 қыркүйекте бір-біріне қарсы ойнайтын Өзбекстан-Иран жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Еске салайық, топтық кезеңде Қазақстан Коста-Рика (6: 1) мен Литваны (3: 0) жеңді, сонымен қатар Венесуэламен тең түсті (1: 1). Рикардо Каканың шәкірттері А тобында бірінші орынмен плей-офф кезеңіне өтті.
Жарнама