Футзалдан Қазақстан құрамасы мен "Норильский Никель" клубының ойыншысы Леонардо Мендонка Лео ауыр жарақат алды, деп хабарлайды "Тень отца Гурмана" телеграм-арнасы.
Ол тізе жарақатын алып, әлем чемпионатында құрама сапында өнер көрсете алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, әлем біріншілігі Литвада 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді. Қазақстан А тобында Литваға Коста-Рика және Венесуэла құрамаларына қарсы ойнайды.