Футзал
13 маусым 2019 14:51
 
Футзалдан "Қайрат" командасы Қазақстан құрамасының ойыншысын сапына қоспақ

  Пікірлер

blog.share

Футзалдан "Қайрат" командасы Қазақстан құрамасының ойыншысын сапына қоспақ Нұрсұлтан Пиялы. Сурет: Madi Photography

Футзалдан маусым аралығында Қазақстан чемпионы - "Қайрат" АФК белсенді селекциялық жұмыс жүргізуде. Vesti.kz ақпаратынша, жақын күндері алматылық клуб Қазақстан құрамасы мен "Жетісу" МФК ойыншысы - Нұрсұлтан Пиялымен келісімшарт жасасуы мүмкін.

21 жастағы ойыншыға "Қайраттың" бас бапкері Пауло Рикардо Кака қызығып отыр. Пиялы өткен маусымда "Жетісуға" ел чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алуға көмектескен. Чемпионаттың 24 матчінде футболшы 11 гол соқты. Сонымен бірге, Пиялы сол баяғы Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасына шақыртылған. 

Еске салайық, "Қайрат" Қазақстан құрамасы мен "Ақтөбе" футболшысы - Альберт Акбаликовке көз тігіп отыр. Құрамды жаңартумен қоса алматылық клуб Ринат Умешев пен Владислав Черномордовпен қоштасады.

Жарнама

Живи спортом!