Футзалдан Иран мен Жапония Азия Кубогінің финалында кездеседі

Футзалдан Кувейтте өтіп жатқан Азия Кубогінің жартылай финалында Иран құрамасы Таиланд командасын (5:0) ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футзалдан Кувейтте өтіп жатқан Азия Кубогінің жартылай финалында Иран құрамасы Таиланд командасын (5:0) ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Осы жеңісінің арқасында Иран футзалшылары енді финалда Жапониямен кездеседі. Ал күншығыс елінің өкілдері жартылай финалда Өзбекстан командасынан 2:1 есебімен басым түсті.
Енді турнирдің финалы 8 қазанда өтеді.
Еске салайық, тарихы 1999 жылдан бастау алатын Азия Кубогін Иран ойыншылары әр жылдары 12 рет ұтқан. Ал Жапония футзалшылары болса бұл жетістікке үш мәрте жеткен.
Жарнама