Алматыда футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі басталды. Топтағы бірінші ойында қазақстандық клубтың бірі ұтып, бірі ұтылды, деп хабарлайды msports.kz сайты.
Чемпиондар лигасына алғаш рет қатысып жатқан "Семей" жарысты сәтсіз бастады. Бірінші ойында Португалияның "Спортинг" командасына жол берді. Лиссабондық ұжым 6:4 есебімен жеңіске жетіп, 3 ұпайды иеленді.
"Қайрат" командасы Венгрияның "Халадаш" клубымен кездесті. Ойында алматылық ұжым айқын басымдық танытып, қарсыластарын 4:0 есебімен ойсырата ұтты.
Ертең "Қайрат" пен "Семей" өзара кездесіп, 3 ұпайды сарапқа салады. Топтан 3 команда элиталық кезеңге жолдама алады.