Футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өткен барлық команда белгілі

Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Португалия құрамасы топтық кезеңнің соңғы турында Марокконы ұтты.
Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Португалия құрамасы топтық кезеңнің соңғы турында Марокконы ұтты.
Португалиялықтар 4:1 есебімен ұтып, топта бірінші болды. Марокко құрамасы екінші келеді.
Еске салайық, топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Ливия (4:1) мен Жаңа Зеландияны (10:0) ұтты және Испаниямен тең түсіп (1:1), жеті ұпай жинады. Доптар саны бойынша қазақстандық футзалшылар топта екінші.
24 қыркүйек. Ташкент. Нидерланды — Украина
24 қыркүйек. Бұхара. Бразилия — Коста-Рика
25 қыркүйек. Әндіжан. Испания — Венесуэла
25 қыркүйек. Ташкент. Парагвай — Афганистан
26 қыркүйек. Әндіжан. Португалия — Қазақстан
26 қыркүйек. Бұхара. Иран — Марокко
27 қыркүйек. Ташкент. Аргентина — Хорватия
27 қыркүйек. Бұхара. Таиланд — Франция.
Жарнама