Футзал
Кеше 10:48
 

Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топта көш бастады

  Пікірлер

blog.share

Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топта көш бастады ©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Ливияны 4:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды msports.kz сайты. 

blog.share

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Ливияны 4:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды msports.kz сайты. 

Топтағы екінші ойында отандастарымыз алғашқы минуттардан-ақ айқын басымдық байқатты. Бірінші болып Ақжол Дәрібайдың голынан кейін доп қарсылас команда ойыншысына тиіп, қақпа торында тулады. Артынша Ливия құрамасы да есепті теңестіре білді.  
 
Бірінші тайм аяқталғанша Қазақстан тағы екі гол соғып үлгере білді. Біржан Оразов пен Жахангер Рашит мергендігімен көзге түсті. 

Екінші таймда Альберт Ақбалықов бір гол соғып, ойын нәтижесін түйіндеді. Осылайша, отандастарымыз 4 ұпаймен "D" тобында көш басына шықты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!