Футзал
26 қаңтар 2022 00:14

Еуро-2022 турнирінде екі ойыншы Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды

©kff

Альберт Ақбалықов пен Шыңғыс Есенаманов Италиямен өтетін ойында алаңға шықпайды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

"УЕФА тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен Қазақстан құрамасының ойыншысы Альберт Ақбалықов Словениямен өткен кездесуде қызыл қағаз алғаны үшін екі ойынға шеттетілді. Шабуылшы Финляндиямен өткен ойынға қатысқан жоқ. Енді Италиямен өтетін кездесуде алаңға шыға алмайды.

Өкінішке қарай, шешуші ойында ұлттық құрамаға Шыңғыс Есенаманов та көмектесе алмайды. Ойыншының қайта тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті. Жарыс ережесіне сәйкес, ойыншы бір апта (31 қаңтарға дейін) карантинде болады", - делінген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport