Еуро-2022. Қазақстан құрамасы плей-офф раундына үшінші рет шықты

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының плей-офф раундына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының плей-офф раундына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Нидерландыда өтіп жатқан футзал тойында Кака баптайтын жерлестеріміз В тобындағы үшінші кездесуін Италия құрамасына қарсы ойнап, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, 7 ұпай еншілеген ұлттық командамыз топтан бірінші орынмен шығып отыр. Енді 31 қаңтарда А тобында екінші орын алған ұжыммен өзара мықтыны анықтайтын болады.
Еске салайық, қазақ футзалшылары Еуропа чемпионаттарының тарихында плей-офф кезеңіне үшінші рет шығып отыр. Осыған дейін 2016 және 2018 жылдары топтан шыққан еді.
Жарнама