Футзал
21 қаңтар 2022 02:51
 

Біржан Оразов Еуропа чемпионатындағы алғашқы матчтан кейін мәлімдеме жасады

  Пікірлер (1)

blog.share

Біржан Оразов Еуропа чемпионатындағы алғашқы матчтан кейін мәлімдеме жасады ©kff

Футзалдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Біржан Оразов Еуропа чемпионатындағы алғашқы мачтан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share
1

Футзалдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Біржан Оразов Еуропа чемпионатындағы алғашқы мачтан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Словениямен өткен ойын 4:4 есебімен аяқталды. Жерлестеріміз екінші таймда 2:4 есебімен ұтылып жатқан.

Словения сапында Денис Тотошкович, Матей Фидершек, Жига Чех және Тео Турк ерекшеленсе, қазақ командасынан Жуниор Дуглас дубль, Біржан Оразов және Жомарт Тоқаев бір-бір голдан салды.

"Әлемде орын алған эпидемиологиялық жағдайға және травмаға байланысты бас бапкер мен кейбір ойыншылар ойынға қатыса алмады. Бүгінгі матч оңайға соқпады, дегенмен, намысқа тырыстық.
Қолдауларыңыз әрқашан бізге маңызды! Рахмет!", - деп жазды Оразов инстаграм парақшасында. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасының тобында Словения, Италия және Финляндия құрамалары бар. Енді жерлестеріміз келесі кездесуін қаңтар айының 24 жұлдызы "суоми" командасына қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!