"Барселона" ойыншысы семейлік команда сапына ауысады

©МФК "Барселона"

Бразилиялық форвард Карлос Вагнер Гуларте Фильо (Феррао есімімен танымал) мансабын Қазақстанда жалғастырады, - деп жазады Мeta-ratings.kz.

Үш рет әлемнің үздік ойыншысы атанған Феррао каталондық клубпен қоштасып үлгерген. Жуық арада "Семей" командасының қатарына қосылады. 

33 жастағы бразилиялық үш рет Испания чемпионы (2018/19, 2020/21, 2021/22), екі рет Чемпиондар лигасы жеңімпазы, үш рет әлемнің үздік футзал шебері марапатына ие болды. 

Айта кетейік, биыл "Семей" "Қайраттың" жылдар бойы жалғасып келе жатқан чемпиондық жорығын тоқтатып, ел чемпионы атанған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: