Футзал
25 қаңтар 2017 14:33
 
Алесио алғашқы құрамын жасақтады

  Пікірлер

blog.share

Алесио алғашқы құрамын жасақтады ©afrk.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Жозе Алесио Да Силва Беларусь құрамасына қарсы өтетін жолдастық кездесуге қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Қазақстан футзал ассоцияциясының ресми сайты

Алесионың алғаш жасақтаған командасына 16 ойыншы ілігіпті. Енді бұл ойыншылардың барлығы 1 және 9 ақпан аралығында ұлттық құрамамен бірге оқу-жаттығу жиындарын жасайды. Ал 6 және 8 ақпан күндері Беларусь құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Ойын Алматы қаласындағы "Зенит" спорт кешенінде өтеді. 

16 ойыншының қатарында төрт дебютанттар бар. Олар - Олег Солуменко ("Аят"), Ринат Төреғазин, Альберт Акбаликов (екеуі де "Ақтөбе") және Біржан Оразов ("Жетісу"). 

Бұл жаттығу жиындарына жарақатына байланысты Николай Пенгрин, Илья Мун және Дәурен Нұрғожин қатыса алмайды. Ал Лео болса "Спортинг" сапында Португалия біріншілігіне қатысатындықтан ұлттық құрамаға келмейді. 

Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Григорий Шамро ("Актөбе"), Игита ("Қайрат"), Александр Гуров ("Жетісу").

Ойыншылар: Арнольд Кнауб ("Жетісу"), Серік Жаманқұлов ("Қайрат"), Дінмұхамбет Сүлейменов ("Қайрат"), Александр Довгань ("Жетісу"), Шыңғыс Есенаманов ("Қайрат"), Михаил Першин ("Қайрат"), Павел Таку ("Актөбе"), Дуглас ("Қайрат"), Олег Солуменко ("Аят", Антон Рындин ("Аят"), Ринат Төреғазин ("Актөбе"), Альберт Акбаликов ("Актөбе"), Біржан Оразов ("Жетісу").

Жарнама

Живи спортом!