Әлем чемпионатындағы Қазақстан - Португалия матчіне тікелей трансляция

Бүгін, 26 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчін өткізеді.
Бүгін, 26 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчін өткізеді.
Қазақстанның 1/8 финалдағы қарсыласы Португалия құрамасы болады. Бұл матч Әндіжанда өтеді, басталуы Астана уақытымен 20:00. Qazsport ойынды тікелей көрсетеді.
Топтық кезеңде Қазақстан жеті ұпай жинады: Испаниямен тең түсті (1:1), одан кейін Ливия (4:1) мен Жаңа Зеландияны (10:0) ұтты.
Португалиялықтар өз тобында Панаманы (10:1), Тәжікстан (3:2) және Марокконы (4:1) ұтты. Португалия құрамасы қазіргі әлем чемпионы екенін айта кетейік.
Жарнама