Жалпы Чемпиондар лигасында бір маусымда ең көп гол соққан футболшы - Криштиану Роналду. Португалия құрамасының шабуылшысы 2013/14 жылғы маусымда "Реал" сапында 17 гол соққан еді. Ал 2015/16 маусымда ол 16, 2017/18 жылы 15 гол соққан.
Левандовскидің бұл рекордты қайталауына, тіпті жаңартуына мүмкіндігі бар. Ол үшін шабуылшы финалдық ойында 2 немесе 3 гол соғуы керек.
Айта кетейік, Бавария" және ПСЖ арасындағы финал 23 тамыздан 24 тамызға ауысқан түні "Эштадиу да Луш" стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.
"Бавария" үшін бұл 11- финал болайын деп тұр. Ал ПСЖ болса бірінші рет финалға шықты.