Чемпиондар лигасы
25 тамыз 2020 14:34

Коронавирусқа байланысты екі клуб еурокубок ойындарынан шеттетілді

Сурет: Javier Garcia/BPI/Shutterstock
УЕФА братиславалық "Слован" командасын Чемпиондар лигасынан, ал косовалық "Приштина" ұжымын Еуропа лигасынан шеттетті. Мұндай шешімді ұйым бұл команда ойыншыларынан коронавирустың шығуына байланысты шығарып отыр. 

"Слован" командасы Фарер аралдарының "Клаксвик" командасымен Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде кездесуі керек болатын. Бұл ойын бірнеше мәрте кейінге шегерілген. Кейін тіпті өтпейтін болды. Себебі, команданың бірнеше футболшысынан вирус анықталған. 

"Приштина" болса "Линкольн Ред Импс" ұжымына қарсы ойнау керек еді. Алайда косовалық команданың көп ойыншысы вирус жұқтырып, ойын кейінге шегерілген. Кейін команда 20 ойыншы жинай алды. Бірақ бұл құрамның ішінде де індет жұқтырғандар болды. 

Сондықтан да УЕФА "Слован" мен "Приштина" командаларына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазды. 

Осылайша "Клаксвик" командасы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты. Екінші кезеңде бұл ұжым швейцариялық "Янг Бойз" командасымен кездеседі. "Линкольн Ред Импс" болса "Унион Титус" (Люксембург) командасына қарсы ойнайды.