Лига чемпионов
24 тамыз 2020 09:58

"Бавария" Чемпиондар лигасының рекордын орнатты

©Reuters
Чемпиондар лигасының финалында франциялық "Пари-Сен Жермен" командасын жеңген мюнхэндік "Бавария" турнирдің рекордын орнатты. 

Ханс-Дитер Фликтің командасы турнир жолында барлық кездесуде жеңіске жетті. Тарқатып айтсақ, германиялық ұжым 11 кездесу өткізіп, 43 гол соқты. "Бавария" финалда ПСЖ командасын (1:0), жартылай финалда "Лион" (3:0), ширек финалда "Барселона" (8:2), 1/16 финалда "Челсиді" 4:1, 3:0), топтық кезеңде "Тоттенхэмді" екі рет (3:1, 7:2), "Црвена Звезданы" (3:0, 6:0) және "Олимпиакос" ұжымын (3:2, 2:0) есебімен жеңді. 

Осылайша "Бавария" командасы Чемпиондар лигасындағы бір маусымда барлық ойындарын жеңген бірінші команда атанды. Сөйтіп бұл ұжым 2013 жылы Юпп Хайнкес және Хосеп Гвардиола және "Реал" командасымен Карло Анчелотти тіркеген рекордты жаңартты. Бұл клубтар қатарынан он матчта жеңіске жеткен болатын. 

"Бавария"өз тарихында алтыншы рет Чемпиондар лигасын жеңіп, жүлде көрсеткіші бойынша "Ливерпуль" командасына жетті. Бұл екі команда аталған жарысты жеңу жағынан үшінші орында келеді. ЧЛ турнирін ең көп жеңген команда "Реал" (13) болса, екінші орында "Милан" (7) келе жатыр. 

Сонымен қатар, биыл "Бавария" ЧЛ, Германия біріншілігі және Германия кубогін жеңіп, требл жасады. Мұндай нәтижені мюнхэндік ұжым 2012-13 жылғы маусымда жасағантұғын. 

Германиялық команда футбол тарихында екі рет требл жасаған екінші команда атанды. Бұған дейін мұндай көрсеткішті "Барселона" 2008-09 және 2014-15 жылғы маусымда тіркеген.