КХЛ
11 қыркүйек 2020 17:49
 
Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Барыс" сапына ауысты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Барыс" сапына ауысты Сурет "Барыс" сайтынан алынды.

Шабуылшы Дмитрий Гренц "Барыс" сапына ауысты. Бұл туралы елордалық клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

Екі жақты келісім 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған екен. 

Өткен маусымды қазақстандық шабуылшы ЖХЛ-де өнер көрсететін "Торпедо" сапында өткізіп, 59 ойында 19 (9+10) ұпай жинаған. 

Ал ҚХЛ-де ол "Барыс" сапында 91 кездесу өткізіп, 9 (3+6) ұпай алған. 

Гренц тұрақты түрде Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылып тұрады. 

Айта кетейік, "Барыс" соңғы кездесуін қытайлық "Куньлунь Ред Стар" командасына қарсы өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл елордалық командадағы биылғы маусымда өз алаңындағы бірінші кездесуі және бірінші жеңісі еді. 

Юрий Михайлис командасы келесі кездесуін өз алаңында мәскеулік "Динамо" клубына қарсы өткізеді. Бұл ойын 12 қыркүйекке жоспарланған. 

Жарнама

Живи спортом!