Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы коронавирус жұқтырып алды

"Ак Барс" хоккей командасының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Найджел Доус коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы "Чемпионат" хабарлап отыр.
Сондай-ақ вирусты Данис Зарипов пен Микаэль Викстранд те жұқтырып алған. Соңғысы тіпті вирусты екінші рет жұқтырып отыр екен.
Биылғы маусымда Доус Құрлықтық хоккей лигасының 12 кездесуіне қатысып, 5 шайба соғып, екі нәтижелі пас берген. Ал Зарипов болса сегіз ойында сегіз ұпай (3+5) жинаған. Викстранд 12 кездесуде үш (1+2) ұпай алған.
Еске салайық, жазда Доус "Ак Барс" командасына ауысып, бір жылдық келісімшарт жасаған болатын. Оған дейін қазақстандық хоккейші "Автомобилист" командасының намысын қорғаған.
Ал 2011-18 жылдар аралығында "Барыс" сапында ойнаған.

Жарнама