Елордалық "Барыс" хоккей командасы сырт алаңда "Ак Барс" командасымен кездесіп, жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазан қаласында өткен ойын 3:2 есебімен аяқталды. "Барыс" бірінші шайбаны 19-минутта Самат Даниярдың арқасында салды.
Екінші кезеңнің басында "Ак Барс" Кирил Петров (23 минут) соққан шайбаның арқасында таразы басын теңестірген.
Кейін 28-минутта Әділ Бекетаевтың арқасында алға шықты. Ал Линден Вей елордалық команданың үшінші шайбасын соқты.
Бұл ойындағы соңғы шайба "Ак Барс" еншісінде. 37-минутта Артем Галимов көзге түсті. Бірақ ары қарай "Барыс" жеңісті сақтап қалды.