Елордалық "Барыс" хоккей командасының намысын қорғайтын Томаш Юрчо Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) бірінші ойын күнінің үздік ойыншысы атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Пекиндегі Олимпиада ойындарының қола жүлдесін жеңіп алған словакиялық легионер қазақстандық командаға Гагарин кубогінің бірінші кездесуінде "Металлург" командасын жеңуге көмектесті.
"Гагарин кубогінің плей-офф кезеңіндегі бірінші ойынша шабуылшы Томаш Юрчо "Магнитка" қақпасына екі шайба соғып, жанкүйерлер тарапынан 28 пайыз даусын жинап, ҚХЛ-дың бірінші ойын күніндегі үздік ойыншы атанды", - делінген ҚХЛ-дың Instagram парақасында.