КПЛ
24 қаңтар 2017 20:09
 
Зенькович "Ақтөбеге" ауысты

  Пікірлер

blog.share

Зенькович "Ақтөбеге" ауысты ©Vesti.kz

"Ақтөбе" клубы тағы бір ойыншымен толықты. Бұл жолы команда қатарына шабуылшы Игорь Зенкович қосылды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты

Өткен маусымды Зенькович "Тараз" сапында өткізген еді. Бірақ, жарақатына байланысты мардымды ойнай алмады. Ел біріншілігінің небәрі үш кездесуіне қатысты. Сонсоң жазда жамбылдық команда қатарынан кеткен еді. 

Бүгін бұл шабуылшы "Ақтөбемен" келісім-шарт жасаапты. Алайда, шабуылшы жаңа клубымен қанша уақытқа келісімшарт жасағаны белгісіз болып тұр. 

Игорь Зенкович Қазақстанның бес дүркін чемпиондарының қатарына екінші мәрте келіп отыр. Естеріңізде болса, 2014 жылы  шабуылшы "Ақтөбе" намысын қорғап, 27 ойында 6 гол соққан болатын. 

Жалпы 27 жастағы шабуылшы Қазақстан жерінде өткізген соңғы 5 жылдың ішінде ел біріншілігінде 104 ойынға қатысып, 38 гол соққан (оның сегізін пенальтиден). Ал, 2013 жылы ол Қазақстан Премьер-лигасының үздік сұрмергені атанды. 

Жарнама

Живи спортом!