КПЛ
31 шілде 2017 10:27
 
"Зениттің" президенті Аршавинді қайта команда сапында көргісі келетінін айтты

  Пікірлер

blog.share

"Зениттің" президенті Аршавинді қайта команда сапында көргісі келетінін айтты

Санкт-Петербургтық "Зениттің" президенті Сергей Фурсенко клубтың жанкүйерлерімен кездесу барысында бұрнағы күні алматылық "Қайрат" сапында өнер көрсетіп жүрген Андрей Аршавинді клубқа шақыртатын айтты. Бұл туралы "Спорт-Экспресс" басылымы хабарлайды. 

- Сіз Аршавин мен Денисовтың "Зенитке" қайта шақырғыңыз келмейді ме?

- Маған салса бұл екі футболшыны клубқа шақыратын едім. Бірақ бұл мәселені тек ғана бапкер шешеді. 

- Команданың бұрынғыдай болғанын қалаймыз. Команданың болашағы қалай болады екен?

- Болашақ туралы ештеме айта алмаймын. Қазір біздің басты мақсатымыз - чемпион атану, Содан соң барлығы дұрыс болады. 

Еске салайық, Аршавин "Зенит" сапында 1999 жыл мен 2008 жыл және 2013 пен 2015 жыл аралығында өнер көрсеткен. Питерлік клубпен ол үш рет Ресей чемпионы, Ресей біріншілігің кубогын және УЕФА суперкубогын жеңіп алған. Жалпы "Зенит" сапында ол 376 ойынға қатысқан. 

Ал алматылық "Қайрат" сапында 36 жастағы жартылай қорғаушы 2016 жылдың мамыр айында ауысып келді. Бір жарым жылдың ішінле ол алматылық клуб сапынла 44 кездесуге қатысып, 11 гол соққан. Аршавиннің "Қайратпен" 2017 жылдың соңына дейін келісімшарты бар. 

Жарнама

Живи спортом!