КПЛ
23 қараша 2017 14:01
 
Владимир Муханов "Ақтөбеден" кетуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Владимир Муханов "Ақтөбеден" кетуі мүмкін Сурет "Ақтөбе" клубының ресми сайтынан алынды

63 жастағы ресейлік маман Владимир Муханов жуық арада "Ақтөбеден" кетуі мүмкін. Бұл туралы KazFootball.kz порталы хабарлап отыр. 

Владимир Муханов 2006 және 2012 жылдар аралығында "Ақтөбенің" бас бапкері қызметін атқарды. Содан соң былтырғы маусымның басында командаға қайта келді. Ол кезде ресейлік маман 2018 жылдың соңына дейін келісімшарт жасаған болатын. 

Оның бастамасымен "Ақтөбе" үш рет Қазақстан чемпионы атанса, екі рет күміс және екі рет қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар Қазақстан кубогы мен екі рет Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. Ал еурокубоктық бәсекелерде оның бастамасымен "Ақтөбе" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне дейін шықты. 

Биылғы маусымда "Ақтөбе" Мухановтың бастамасымен тоғызыншы орынға тұрақтады. 

Жарнама

Живи спортом!