Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Асылан Дарабаев мансабын Қостанайдың "Тобыл" клубында жалғастырады, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Ойыншы соңғы рет елордалық "Астана" сапында доп тепті. Қазіргі чемпиондар сапында 30 ойынға қатысып, 2 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді.
Асылан Дарабаев 2018 жылы "Тобылда" ойнаған. Сондай-ақ "Ертіс", "Жетісу", "Каспий", "Қайрат", "Шахтер" мен "Ақтөбе" клубтары қатарында ойнаған.
Ұлттық құрама сапына 2014 жылдан бері шақыртылып келеді.