Қостанайлық "Тобыл" футболдан Қазақстан Премьер лигасының бірінші турында "Атырау" клубын қабылдап, жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz порталы.
Затобольскідегі өткен ойында алаң қожайындары 3:0 есебімен жеңіске жетті. Үш голды да "Тобыл" сапында Алексей Щеткин соқты. Шабуылшы алдымен 13 минутта көзге түссе, кейін 57 минутта және 65 минутта қанжығасын майлады.
Айта кетейік, Алекей Щеткин 2017-18 жыылғы Премьер-лига ойындарының бірінші голын да соқты. Одан бөлек, ол 3 голмен ел біріншілігінің сұрмергендер тізімінде көш бастады.
"Тобыл" келесі турда "Ақтөбе" клубы өз алаңдарында қабылдаса, "Атырау" сырт алаңда шымкенттік "Ордабасы" клубына қонаққа барады.

Жарнама