КПЛ
20 қаңтар 2017 13:20
 
Таңат Нөсербаев "Ордабасымен" келісім-шарт жасады

  Пікірлер

blog.share

Таңат Нөсербаев "Ордабасымен" келісім-шарт жасады ©Footboom.kz

Таңат Нөсербаев шымкенттік "Ордабасы" клубымен келісім-шарт жасады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды. 

30 жастағы шабуылшы "Ордабасы" клубымен бір жылдық келісім-шарт жасады. 

Айта кетейік, Шымкент футбол мектебінің түлегі Таңат Нөсербаев 2006 және 2010 жылдар аралығында "Ордабасы" сапында өнер көрсеткен еді. Бұл аралықта ол 79 кездесуге қатысып, 13 гол соқты. 

Ал 2011 жылы шабуылшы елордалық "Локомотив" сапына ауысты. Кейін бұл команда "Астана" деп өзгертілді. 2013 жылы Нөсербаев команданың капитаны болды. 

"Астана" сапында ол Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында ойнады. Жалпы елордалық клуб сапында Таңат Нөсербаев 152 кездесу өткізіп, 46 гол соқты. 

Жарнама

Живи спортом!