"Шахтер" македониялық қорғаушыны қатарға қосты

"Шахтер" футбол клубы македониялық қорғаушы Давид Атанаскоскимен келісім-шартқа отырды.
"Шахтер" футбол клубы македониялық қорғаушы Давид Атанаскоскимен келісім-шартқа отырды.
Атанаскоски 1996 жылы 21 қазанда Македонияның Скопье қаласында дүниеге келген. Негізгі позициясы сол жақ қорғаушы. Осыған дейін ол тек жергілікті клубтарда: "Тетекс", "Хоризонт", "Академия Пандев" және "Македония Горче Петров" сапында доп тепкен.
Ағымдағы маусымда "Македония Горче Петров" жейдесінде 22 ойынға қатысып, бір нәтижелі пас берді. Солтүстік Македонияның жастар құрамасында да өнер көрсеткен.
Жарнама