КПЛ
15 шілде 2021 14:45
 

"Шахтер" франциялық қорғаушы командаға оралғанын хабарлады

  Пікірлер

blog.share

"Шахтер" франциялық қорғаушы командаға оралғанын хабарлады Сурет "Шахтер" сайтынан алынды.

Қарағандылық "Шахтер" командасы франциялық қорғаушы Абдель Азиз Ламанжбен келісімшарт жасады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

blog.share

Қарағандылық "Шахтер" командасы франциялық қорғаушы Абдель Азиз Ламанжбен келісімшарт жасады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Ламанж "Шахтер" сапында өткен маусымда өнер көрсетіп, қарағандылық командамен Конференция лигасының жолдамасына ие болды. Жалпы ол өткен жылы Қазақстан чемпионатында 17 кездесуге қатысып, 2 гол соғып, 2 голдық пас берді. 

2020 жылы ол ел біріншілігінде "Шахтер" сапында ең көп ойын өткізген үш ойыншының қатарына қосылды. Бас-аяғы қорғаушы 1520 минут ойнаған. 

Абдель Ламанж - франциялық Страсбург командасының тәлімгері. Ол карьерасын "Гренобль" командасында бастаған. Кейін ресейлік "Шинник" және "Ротор", қазақстандық "Атырау" командаларында жалғастырған. Оның кейінгі командасы - румыниялық "Астра".

Жарнама

Живи спортом!