КПЛ
15 ақпан 2017 17:33
 
Нұрғалиев "Ордабасыға" қайта оралады

  Пікірлер

blog.share

Нұрғалиев "Ордабасыға" қайта оралады

Өткен маусымның екінші жартысын елордалық "Астана" клубы сапында өткізген жартылай қорғаушы Азат Нұрғалиев "Ордабасыға" қайта оралады. Бұл туралы KazFootball.kz порталы хабарлап отыр. 

Шымкент футбол мектебінің түлегі жуық арада "Ордабасы" сапына қосылады. Өткен маусымның екінші бөлігін Азат Нұрғалиев "Астана" сапында өткізген еді. Жартылай қорғаушының елордалық клубпен келісімшарты желтоқсан айында біткен. Бірақ келісімшарт жоқ болса да ол командамен бірге БАӘ-де және Түркияда өткен оқу-жаттығу жиындарына барған еді. 

Порталдың таратқан мәліметі бойынша, Нұрғалиевтің "Астана" сапынан не үшін кетіп жатқаны белгісіз екен. 

Өткен маусымның бірінші бөлігі жартылай қорғаушы "Ордабасы" сапында 17 кездесуге қатысып, 6 гол соқты. Ал маусымның екінші бөлігінде "Астанаға" ауысып, ел біріншілігінің 11 кездесуінде 6 гол соқты. 

Жарнама

Живи спортом!