КПЛ
10 сәуір 2017 14:48
 
Мардан Төлебектің соққысы мен өзге де алтыншы турда соғылған әдемі голдар

  Пікірлер

blog.share

Мардан Төлебектің соққысы мен өзге де алтыншы турда соғылған әдемі голдар

Vesti.kz өз оқырмандары үшін "Турдың үздік голдары" атты жаңа жобаны бастап отыр. Бұл санда біз сіздердің назарларыңызға Қазақстан Премьер-лигасында соғылған бес үздік голды ұсынамыз. 

Құрметті көрермендер, сіздер біз ұсынған голдардың арасынан өздеріңіз үздік деп таныған голға мына сілтеме бойынша дауыс бере аласыздар. 

Мардан Төлебек ("Ордабасы")

Шымкенттік "Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы Мардан Төлбек бұл турда тағы айып соққысын әдемі орындап, көзге түсті. Оның "Тараз" қақпасына соққан голы есепті теңестірген еді. Бірақ алаң қожайындары артыншы есепте алға шығып, жеңіске жетті. 

Жақып Қожамберді ("Тараз)

Жақыптың алыстан шірене тартқан соққысынан кейін доп алдымен қақпа бағанынан, содан соң "Ордабасы" қақпашысына енген еді. Бұл голдың арқасында жамбылдың команда оңтүстіктік дербиде "Ордабасыны" 2:1 есебімен жеңіп кетті. 

Жерар Гоу ("Қайрат")

Өткен турда алматылық "Қайраттың" шабылшысы қанжығасын хэт-трикпен майлады. Үш голды ивуарлық шабуылшы "Шахтер" қақпасына соқты. Әсіресе, Гоудың қарағандылық команданың қақпасына соққан екінші голы әдемі болды. Ал матч 4:1 есебімен "Қайраттың" пайдасына аяқталды. 

Кассиано ("Актөбе") 

"Ақтөбенің легоинері Кассианоның соққан голының арқасында еліміздің бес дүркін чемпиондары "Ақжайыққа" қарсы өткен ойында есепті теңестірген болатын. Кездесудің 87 минутында бразилиялық футболшы баспен допты тура тоғыздыққа топ еткізді. 

Исмаэль Фофана ("Ертіс")

Фофананың  алыстан тепкен добы "Оқжетпеске" қарсы ойында есепті ашқан еді. Жалпы ойын 2:0 есебімен павлодарлық команданың пайдасына аяқталды. 

Айта кетейік, ел біріншілігінің келесі туры 12 сәуір күні өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!