КПЛ
25 сәуір 2017 12:47
 
Қазақ футболында легионерлерді мемлекеттік бюджет есебінен айлық төлеуді тоқтатуды жоспарлап отыр

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі шетелдік футболшыларға мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруды тоқтатуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовтың түсіндіруі бойынша, бұл норма Парламент Сенатына қаралуға жіберілетін дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заңнамалық актілеріне енгізілетін түзетулер қатарынада.

"Мен де қарсымын. Бұл заң арқылы шетелдік легионерлерге бюджеттен төлемді мүлде тоқтатқымыз келеді. Легионерді шақырғың келсе, демеушілер тап, бөлек ақша ізде. Спортқа бөлінген қаржы осылай реттегіміз келді", - деді Қанағатов Әлеуметтік-мәдениеттік даму және ғылым комитетінің Парламент Сенатындағы отырысынан тыс.

Осы арқылы министрлік қаржының көп бөлігі басымдығы бар спорт түрлеріне бөлмек.

Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков заң жобасы бойынша Қазақстан тарихта алғаш рет министрлік ғимаратын Ұлттық олимпиада комитетіне бертінін айтты. Бұл Олимпиадалық спорт түрлері бойынша федерацияларды дамыту үшін жасалады.

"Халықаралық деңгейде жетістігіміз бар, 5 критерий бойынша таңдаймыз. Халықаралық деңгейдегі жетістік негізгі болады. Материалды-техникалық база, кадрлық резерв, бапкерлер барына, әр облыста спортшылары болуына, тарихи принцип бойынша, қандай спорт түрлері бізде жақсы және климаттық жағдайға қараймыз. Анықталғаннан кейін қаржыландыру жүреді. Бұл басқа спорт түрлері қаржыландырылмайтынын білдірмейді", - дейді Мұсайбеков.

"Футболға оралайын. Бюджеттен бөлінген қаржыны толықтай немесе 40-45 пайызын беріп тастау болмайды. Кей облыстарда футболды қаржыландыру үшін 50 пайызын жұмсап отырған. Осы кезде нәтиже бар өзге сопрт түрлеріне зиян келген", - дейді ол.

Елсияр Канағатов министрліктің басымдығы бар спорт түрлері барлық құрылымдарда болуына қол жеткізгісі келетінін айтады.

"Мысалы, каноэде ескек есу ОҚО-да басым болса, барлық құрылымдарда жоқ болмай шығады. Сабақтастық болу керек, балалар мен жасөспірімдерге арналған сопрт мектептерінде қайық пен каноэде ескек есу сыныбы болуы керек, облыстық интернатта, олимпиадалық резерв дайындау орталығы мен жоғары спорт шеберлігі мектебінде бөлім болу қажет", - деп аяқтады Қанағатов.

Жарнама

Живи спортом!