"Қайсар" жарты жыл командасыз жүрген қорғаушыны сапына қоспақ

Ресейлік қорғаушы Михаил Мищенко "Қайсар" сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлап отыр.
Ресейлік қорғаушы Михаил Мищенко "Қайсар" сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлап отыр.
32 жастағы орталық қорғаушы соңғы жарты жылда командасыз жүр. Оған дейін "Тараз" командасы сапында "Қайсардың" қазіргі бапкері Владимир Никитенконың қоластында ойнаған.
Қызылордалық команда сапында Мищенко белорус қорғаушысы Сергей Карповичтің орнын басады.
Жарнама