Алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Небойша Косович Ұлттар лигасының алғашқы матчтарына қатысуы үшін Черногория құрамасына шақырту алды,- деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Черногория құрамасы С дивизонының бірінші тобында өнер көрсетеді. Алғашқы екі кездесуді бұл құрама Кипр және Люксембург құрамаларымен 5 және 8 қыркүйек күндері сырт алаңда өткізеді.
Айта кетейік, 25 жастағы Косович "Қайрат" сапында 2019 жылдан бері өнер көрсетеді. Биыл ол Қазақстан біріншілігінде төрт кездесуге қатысып, екі нәтижелі пас берді.

Жарнама