КПЛ
29 мамыр 2017 16:14
 
Кабананга Қытай немесе БАӘ клубтарының біріне ауысуы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Кабананга Қытай немесе БАӘ клубтарының біріне ауысуы мүмкін

Конго Демократиялық Республикасы мен елодалық "Астана" клубының шабуылшысы Жуниор Кабананга жуық арада клубын ауыстыруы мүмкін. Бұл туралы футболшының өзі Voetbalnieuws.be басылымына берген сұқбатында айтып берді. 

"Мен Африка кубогы турнирінде жақсы өнер көрсеттім. Маған бүгінгі таңда Қытай және БАӘ клубтарынан нақты ұсыныстар түсіп отыр. Бельгияға қайту дейсіз бе? Еуропадан маған әлі нақты ұсыныс түскен жоқ. Бірақ алдағы уақытта түсіп қалуы да ықтимал", - дейді шабуылшысы. 

28 жастағы Жуниор Кабананга "Астана" сапында 2015 жылдың жазынан бастап өнер көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін ол елордалық клуб сапында ел біріншілігінде 40 кездесуше қатысып, 19 гол соқты. Ал Чемпиондар лигасында 14, Еуропа лигасында 8 ойынға қатысып, екі гол соққан. 

2016 жылғы маусымның бірінші айналымын шабуылшы түркиялық "Карабюкспорт" клубында өнер көрсетіп, клубтың Түркия Суперлигасына шығуына көмектесті. Ал оған дейін ол Бельгия біріншілігінде "Серкль Брюгге", "Руселар", Жерминаль" және Андерлехт" клубтарында өнер көрсетті. 

Жарнама

Живи спортом!