КПЛ
26 маусым 2017 15:43
 
"Ертіс" сербиялық қорғаушы мен "Оле Бразил" академиясының түлегімен толықты

  Пікірлер

blog.share

"Ертіс" сербиялық қорғаушы мен "Оле Бразил" академиясының түлегімен толықты ©fcstal.com

Футболдан ел біріншілігінде өнер көрсететін павлодарлық "Ертіс" клубы сербиялық қорғаушы Милош Стаменковичпен толықты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды. 

Қорғаушы мен клуб бір жылдық келісімшартқа қол қойыпты. 

27 жастағы Стаменкович бұған дейін Украина біріншілігінде өнер көрсететін "Сталь" клубында өнер көрсеткен еді. Сонымен қатар ол "Пролетер" (Сербия), ОФК Младеновац (Сербия), "Борча" (Сербия), "Арарат" (Армения) және "Ширак" (Армения) секілді ұжымдардың намысын қорғаған. 

Сондай-ақ "Ертіс" қазақстандық жартылай қорғаушы Мирас Түлиевті қатарына қосты. 22 жастағы жартылай қорғаушымен клуб бір жылдық келісімшартқа отырды. Атырау футбол мектебі мен "Оле Бразил" академиясының тәлімгері павлодарлық клуб сапына "Атыраудан" ауысып келді. 

Бұған дейін Түлиев "Бәйтере" (Астана), "Каспий" (Атырау) және "Оқжетпес" (Көкшетау) клубтарында ойнаған. 

Жарнама

Живи спортом!