КПЛ
6 қыркүйек 2020 15:32

"Астананың" бұрынғы бас бапкері белоруссиялық команданың тізгінін ұстады

Сурет "Астана сайтынан алынды.
Солигорсктің "Шахтер" клубы украиналық Роман Григорчукты команданың бас бапкері қызметіне тағайындағанын ресми түрде жариялады.

Григорчуктың жаттықтырушылар құрамына Михаил Савка (бас жаттықтырушы), Андрей Глущенко (қақпашылар жаттықтырушысы) және Анатолий Коротя (жаттықтырушы-талдаушы) кірді. Маманмен жасалған келісімшарттың егжей-тегжейі көрсетілмеген.

Еске салайық, Григорчук 2018 жылдың маусымынан 2020 жылдың қаңтарына дейін "Астана" тізгінін ұстаған болатын. Қазақстандық клубпен бірге ол Қазақстан Чемпионатын (2018, 2019), Суперкубокты (2019) жеңіп алды және екі рет Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шықты (2018/19, 2019/20).