КПЛ
6 шілде 2020 15:46
 
"Астана" футболшылары коронавирус жұқтырды ма? Билек бес футболшының температурасы бар екенін хабарлады

  Пікірлер

blog.share

"Астана" футболшылары коронавирус жұқтырды ма? Билек бес футболшының температурасы бар екенін хабарлады Михал Билек. Сурет: ҚКФЛ©

Елордалық "Астана" клубының бас бапкері Михал Билек Setanta Qazaqstan арнасына берген сұқбатында команда футболшыларының жағдайын айтты. 

Чехиялық маман бес футболшыда температура бар екенін хабарлады. Vesti.kz порталының мәліметі бойынша, сұқбат өткен аптаның ортасында жазылған. 

"Біз жарты ай болды бірге жаттығып жатырмыз. Бірақ кішігірім қиындық бар. Біз премьер-лигада ойнайтын бірде-бір командамен жолдастық кездесу өткізген жоқпыз. Сондықтан қандай бабымызда екенімізді толық айту қиын. Соңғы аптада бес ойыншы ауырды. Олардың температурасы көтерілген. Ал Жарко Томашевич жарақат алып қалды", - деді Билек. 

Айта кетейік, 1 шілде күні қайта басталған ел біріншілігінің 4 турына "Астана" қатыспады. Өйткені, "Ертістің" біріншіліктен шығып қалуына байланысты 11 команда қалған еді. 

Жаттығу барысында "Астана" тек Бірінші лигада өнер көрсететін СДЮШОР №8 командасымен кездесіп, 4:2 және 5:2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан премьер-лигасының басында елордалық клуб үш кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жетсе, біреуінде тең ойнады. 

Еске салайық, футболдан ел біріншілігі 3 шілде күні қайта тоқтатылды. 

Жарнама

Живи спортом!