Футболдан Қазақстанның бес дүркін чемпионы "Ақтөбені" қайта ресейлік маман Владимир Газзаев жаттықтыруы мүмкін. Бұл туралы sovsport.ru порталы хабарлайды.
36 жастағы маман Ақтөбеде бұған дейін 2014-2015 жылдары жұмыс істеген еді. Оның бастамасымен "Ақтөбе" Қазақстан Премьер-лигасының күміс жүлдегері атанып, Қазақстан кубогының финалына шықты.
Қазіргі уақытта "Ақтөбе" ел біріншілігінің 9 ойыннан кейін 6 ұпаймен турнир кестесінің 11 сатысында келеді.
Ал осы аптаның басында клуб украиналық маман Игорь Рахаевты қызметінен босатқан еді.

Жарнама