КПЛ
14 ақпан 2018 10:41
 
"Ақтөбе" ресми түрде Пизеллиді сатып алғанын жариялады

  Пікірлер

blog.share

"Ақтөбе" ресми түрде Пизеллиді сатып алғанын жариялады Маркос Пиззелли. Сурет Vesti.kz©

Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Маркос Пизелли "Ақтөбе" клубымен келісімшарт жасады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлайды. 

33 жастағы ойыншы бұған дейін де "Ақтөбе" құрамында өнер көрсеткен еді.  2014 және 2015 жылдары Маркос ақтөбелік команданың көшбасшысы болды. Пиззелли Премьер-лигада 50-ден астам матч өткізіп, 13 гол соққан. Содан соң Саудб Арабия біріншілігінде өнер көрсететін "Аль-Раед" және "Аль-Шабаб" клубтарының намысын қорғаған. Сондай-ақ жартылай қорғаушы грекиялық "Ксанти" сапында да ойнаған. 

2015 жылы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Пизелли "Ақтөбе" сапында айына 75 мың доллар жалақы алатынын айтты. 

""Ақтөбе" клубы Маркосқа "ақ-қызылдар" сапында сәттілік пен жарқын жеңістер тілейді", - деп жазылған клубтың ресми хабарламасында. 

Пизелли карьерасын Бразилияда "Сан-Карлуш" клубында бастаған. 2006 жылы армениялық "Арарат" клубына ауысты. Кейін франциялық "Арарат", армениялық "Пюник", украиналық "Металлург" және ресейлік "Кубань" және "Краснодар" клубтарын сапында өнер көрсеткен. 

"Пюник" сапында ойнап жүрген кезде ол Армения азаматтығын алып, бұл құраманың сапында 58 кездесуге қатысып, 9 гол соққан. 

Жарнама

Живи спортом!