КПЛ
29 маусым 2017 16:02
 
"Ақжайық" "Тобылдың" бұрынғы футболшысымен толықты

  Пікірлер

blog.share

"Ақжайық" "Тобылдың" бұрынғы футболшысымен толықты

31 жастағы хорватиялық қорғаушы Денис Главина оралдық "Ақжайықпен" жарты жылдық келісімшарт жасады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Главина өткен аптада "Тобыл" клубынан кеткен еді. Жалпы осы уақытқа дейін ол Қазақстан біріншілігінде 33 кездесу өткізіп, 1 гол соққан. Биылғы маусымның бірінші жартысында ол қостанайлық клуб сапында 6 ойынға ғана қатысты. Ал өткен аптада клуб басшылары бұл ойыншымен келісімшартты бұзды. 

Глваина "Тобыл" клубына ауысарға дейін словениялық "Заврча" клубында өнер көрсеткен. Негізі ол карьеарасын загребтің "Динамо" клубында бастып, отанында "Вараждан" және "Сплит" клубтарында ойнаса, "Динамо", "Днепр" және "Ворксла" клубтарының да намысын қорғаған. 

Еске салайық, Главина оралдық ұжымның әзірге бірінші жаңа футболшысы. Бұған дейін клуб сапынан қорғаушы Бауыржан Омаров, жартылай қорғаушылар Эдуард Сергиенко мен Егоргий Макаев және шабуылшы Самит Чулагов кетті. 

Жарнама

Живи спортом!