КПЛ
24 қаңтар 2018 11:12
 
"Ақжайық" жаңа маусым алдында екі футболшымен толықты

  Пікірлер

blog.share

"Ақжайық" жаңа маусым алдында екі футболшымен толықты Сурет "Ақжайық" клубының ресми сайтынан алынды.

Ел біріншілігінде өнер көрсететін оралдық "Ақжайық" клубы құрамын екі жаңа футболшымен толықтырып, бірнеше футболшымен келісімшарттарын ұзартты. 

Оралдық ұжым команда капитаны Мейрам Сапанов және Азат Ерсалимовпен келісімшарттарын ұзартты. 

Сонымен қатар команда Еркебұлан Нұрғалиев және Берік Шайховпен келісімшарт жасады. 

Талдықорған және "Оле Бразил" клубтының тәлімгері Берік Шайхов карьерасын Бірінші лигада өнер көрсететін елордалық "Бәйтерек" клубының сапында бастаған. Премьер-лигадағы бірінші кездесуін ол 2014 жылы "Жетісу" сапында өткізді. Сонымен қатар ел біріншілігінде жартылай қорғаушы "Астана", "Ертіс" және "Оқжетпес" секілді клубтарда өнер көрсеткен. Жалпы Шайхов Қазақстан біріншілігінде 41 кездесу өткізіп, 1 гол соққан. 

Ал 24 жастағы Еркебұлан Нұрғалиев болса өткен маусымда болгариялық "Верея" клубы сапында өткізді. Бұл клубтың қатарында ол сегіз кездесуге қатысып, бір гол соққан. Болгария кубогында ол бір ойын өткізіп, бір рет көзге түсті. Болгарияға кетерге дейін Нұрғалиев семейлік "Спартак" және "Алтай", павлодарлық "Ертіс" және көкшетаулық "Оқжетпес" клубтарында ойнаған. 

Жарнама

Живи спортом!