Қазақша күрес
12 сәуір 2018 19:10
 
Белдесу күресінен тұңғыш рет "Халық барысы" турнирі өтеді

  Пікірлер

blog.share

Белдесу күресінен тұңғыш рет "Халық барысы" турнирі өтеді beldesu.kz

8 мамыр күні Алматыда белдесу күресінен тұңғыш рет "Халық барысы" турнирі өтеді. Бұл жобаның ерекшелігі – қарапайым халықтың қатысу мүмкіндігінде. Жарыстың жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды.

"Халық барысы" жобасын Халықаралық қазақ күресі федерациясы, "Қазақстан барысы" қоры мен Алматы қаласы əкімдігі ұйымдастыруда. Жарысқа кәсіби спортшылар қатыспайды. Ел арасында күресуге ниет білдірген әуесқой жандар ғана қатысады. "Қазақстан Барысы" жобасында алдын-ала іріктеу болса, "Халық барысында" іріктеу өтпейді.

Белдесу – қазақ күресінің бір тармағы. Тұңғыш рет өткелі отырған жарыс та осы төл өнерімізді ұлықтап, тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында ұйымдастырылмақ.

Белдесу ережесі қандай?

Жоғарыда айтқандай, белдесу – қазақ күресінің бір тармағы. Тіпті бір кездері қазақ күресін белдесу деп атайық деген ұсыныстар да болған. Мамандардың көпшілігі белдесу қазақ күресінің ішіндегі әдіс қана деп уәж айтты. Бұл ұсыныс – қазақ күресінің атауын өзгертуге қатысты жиындарда талқыланды. Анығында белдесуді қазақ күресінің бір тармағы деп қарастырғанымыз жөн-ақ секілді.

Қазақ күресі мен белдесу күресінің киім үлгісінде ерекшеліктер бар. Белдесуге қатысатын балуандар балағы тобыққа дейін жететін қою күрең және қоңыр түсті шалбар киіп шығады. Екі балуанның біреуі көк, екіншісі қызыл түсті, жалпақтығы 8 см жұмсақ матадан жасалған белбеу тағады. Кеуделерін белуарға дейін жалаңаштап, көк майса үстінде жалаң аяқ күреседі.

Белдесу күресінде үш ғана нәтиже болады: жеңіс, жеңіліс және итжығыс. Балуандар тік тұрып күреседі. Белбеуден жоғары ұстайды, төмен ұстауға болмайды. Жауырыны ғана емес, тізесі, шынтағы, қолы жерге тисе, ол балуан жеңілген болып саналады. Құласа да, жығылса да, жеңілгені болып есептеледі.

Ауырту, тұншықтыру әдістерін қолдануға болмайды. Белдесу уақыты – 5 минут. Жеңіске жеткенін анықтау мүмкін болмаса, қосымша үш минут беріледі. Егер мұнда да екі балуан тең түссе, яғни бірін-бірі ала алмаса, онда екеуі де таразыға тартылып, салмағы жеңілдеуі жеңіске жеткен болып саналады.

"Халық барысына" қалай қатысуға болады?

Жаңа жобаға кәмелет жасына толған, 18-ден 50 жасқа дейігі кез-келген Қазақстан азаматы өз бағын сынап көре алады. Сондай-ақ салмақ дәрежесі 70 кг-нан кем болмауы тиіс. Басты шарт – осы.

Халық барысына қатысушылар 7 мамырға дейін тіркеліп үлгерулері қажет. Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша өтеді. Яғни, жеңгені жарысты жалғастырып, жеңілгені жарысты аяқтайды. Финалда жеңіске жеткен балуан «Халық Барысы» деген атаққа ие болып, қомақты сыйақымен марапатталады.

Тұңғыш "Халық барысы" Алматыда анықталады

Тұңғыш "Халық барысы" турнирі Алматыдағы халықаралық шаңғы трамплині кешенінде өтеді.

- Жарысқа 1000-1500 балуан жиналады деген болжам бар. Олимпиада жүйесі бойынша, таза ауада өтеді. 8 мамыр күні таңертең басталады. Күні бойы жалғасады. Бір күн жетпесе, екінші күні жалғастырамыз. Жеңімпаз Халық барысы атағын алып, қомақты қаржыны қалтасына басады, - деді «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораев.

Журналистер арасында "Ақпарат барысы" турнирі де өтуі мүмкін

Қазақ күресінен журналистер арасында Ақпарат барысы турнирі өтуі де мүмкін. Бұл жайында кеше өткен баспасөз жиыны кезінде Арман Шораев мырза айта кетті.

- Біраз әріптестермен сөйлесе келе, биыл Ақпарат барысын өткізетін болдық. Журналистер күні қарсаңында ұйымдастырылуы мүмкін. 20 миллион деп айта алмаймын, бірақ қомақты жүлде қоры болады деп біліп, дайындала жүріңіздер, - деді.

Күреске икеміңіз болып, белдесуде бақ сынағыңыз келсе "Халық барысы" турниріне қатысыңыз!

Жарнама

Живи спортом!