Казакша курес
16 маусым 2019 12:10
 
Айбек Нұғымаров тағы бір жарыста топ жарды

  Пікірлер

blog.share

Айбек Нұғымаров тағы бір жарыста топ жарды

Тарбағатай ауданында Ырғызбай Досыханұлы атындағы қазақ күресінен өткен әлемдік гран-при сайысында қазақстандық Айбек Нұғымаров топ жарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бір апта бұрын ғана Нұр-Cұлтан қаласында өткен “Қазақстан Барысы” жарысында оза шапқан балуан бұл жолы да тұғырдың ең биік сатысынан көрінді. Әлемнің 28 елінен келген апайтөс палуандар арасында ақтық сында Айбекпен өзбекстандық Мұқсин Хисамединов айқасқан болатын. Жалпы финалдық кездесу Айбекке оңай тиген жоқ. Белдесу аяқталғаннан кейін Айбек өз ойымен бөлісті.

"Қазақстан Барысы" турнирінен кейін демалып үлгерген жоқпын. Түрлі басқосуларға, телеарнадағы түсірілімдерге қатысып, шаршағанымды байқадым. Біздің өңірде өтіп жатқан жарыс болған соң, ұйымдастырушылар қолқа салды. Бас тарта алмадым, елімнің намысын абыроймен қорғағаныма қуаныштымын. Маған қолдау білдірген Ақсуат жұртшылығына рахмет. "Тұғыры биік-Тарбағатай" атты өнер және спорт фестивалін өткізіп жатқан Талғат Мазбаев, Дулат Тастекеев ағаларыма алғыс білдіремін",- деді Айбек Нұғымаров.

Турнирдің 70, +80 келі салмақтарында Тәжікстан, Грузия елдерінен келген балуандар жеңіске жетті. Жеңімпазға ұйымдастырушылар 2 миллион теңге, екінші орынға 1 миллион, үшінші орын алған спортшыға 500 мың теңге табыстады.

Спортшыларды атақты боксшы Қанат Ислам, ақын Жүрсін Ерман, Ақсуат ауылының құрметті азаматы Тұрсын Тастекеевтер марапаттады.
Қазақ күресі турнирі аяқталғаннан кейін Qazaq Promotions компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтті. Қазақстандық Елдияр Қамшыбеков, Нұрлан Сапарбай, Нұрсұлтан Аманжолов секілді қазақ боксшылары шаршы алаңға шығып, жиналған жұртшылықтың делебесін қоздырды.

Жарнама

Живи спортом!