Казакша курес
8 қыркүйек 2017 16:22
 

Айбек Нұғымаров "Әлем барысының" жартылай финалына шықты

  Пікірлер

blog.share

Айбек Нұғымаров "Әлем барысының" жартылай финалына шықты vesti.kz

Қазақ күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға бірінші болып Айбек Нұғымаров шықты. Ширек финалда Шығыс өңірінің балуаны қызылордалық Еламан Ерғалиевті жеңді.

Белдесу басында биылғы "Қазақстан барысында" топ жарған Еламан басым болатын. Алайда уақыт өте тәжірибесіне сүйенген Айбек айла-тәсілдерін жүзеге асырып, жеңіске бастар жолды тауып кетті.

Айта кетейік, Астанадағы "Әлем барысына" елімізден 5 балуан қатысуда. Дәурен Нұралинов пен Айбат Сейтен жарысты 1/8 финалда аяқтаса, Айбектен жеңілген Еламан да жүлдесіз қалды. Алдағы уақытта Ержан Шынкеев белдесуге шығады.

blog.share
Қазақ күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға бірінші болып Айбек Нұғымаров шықты. Ширек финалда Шығыс өңірінің балуаны қызылордалық
Еламан Ерғалиевті жеңді.

Белдесу басында биылғы "Қазақстан барысында" топ жарған Еламан басым болатын. Алайда уақыт өте тәжірибесіне сүйенген Айбек айла-тәсілдерін жүзеге асырып, жеңіске бастар жолды тауып кетті.

Айта кетейік, Астанадағы "Әлем барысына" елімізден 5 балуан қатысуда. Дәурен Нұралинов пен Айбат Сейтен жарысты 1/8 финалда аяқтаса, Айбектен жеңілген Еламан да жүлдесіз қалды. Алдағы уақытта Ержан Шынкеев белдесуге шығады.

Жарнама

Живи спортом!